
Қазіргі ата-ана баласы «Алла» атын аузына алып, намазға жығыла бастаса кәдімгідей қорқып, қобалжитын жағдайға жеткен. Мұндай жайт ата-бабамыздың үш ұйықтасада түсіне кірмеген болар. Алайда, өкінішке қарай, бүгінгі ғаламдану заманындағы еліміздегі ахуал осыған саяды. Бұл арада мәселе діннің өзінен емес, дін атын жамылушы теріс пиғылдылардың құйтырқы әрекетінен ушығып тұрған жайы бар. Міне осы дәстүрлі емес діни ағымдар туралы мәлімет беру, тұрғындарды, соның ішінде жастарды жат ағымдардан сақтандыра отырып, дәстүрлі діни бағыттың жолдарын ұстануға дұрыс бағдар беру бүгінгі күннің талабы болып отыр.
Осы орайда, ағымдағы жылдың 19 – 21 қыркүйек күндері «Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры Құрманғазы ауданында бірқатар іс-шаралар өткізді. Атап айтар болсақ, аудандық ішкі істер, шекара қызметкерлеріне, төтенше жағдайлар бөлімдерінің қызметкерлеріне және шалғайдағы Балқұдық ауылының тұрғындарына «Діни жат ағымдармен күресудің жолдары» атты тақырыпта кездесулер, сонымен қатар аудандық «Темірәлі» орталық мешітінде болып, Ханафи фиқхын, матруди сенім мектебінің негізгі критерилерін түсіндіру мақсатында кездесу өткізді. Аудан тұрғындарының арасынан теологиялық мәселелермен келген тұрғындарды қабылдап, жеке кездесулер өткізді.
![]()
Аталған шараларда «Шапағат» орталығының директор орынбасары, теолог Айбек АТАШЕВ және теолог-дінтанушы Мейіржан РАХМАТУЛЛА – қазіргі таңда діни ахуал қоғамдағы түйінді мәселелердің біріне айналғандығын айтып, дәстүрлі емес теріс діни ағымдардың шығу тарихы мен ерекшеліктері туралы жеткізді. Сонымен қатар қазіргі кездегі елімізде жастарды адастырып жүрген уахабизммен-салафизмнің тармақтары және пайдаланатын әдіс тәсілдерін ашып көрсетіп, қатысушылар тарапынан қойылған түрлі сауалдарға тұщымды жауаптар берді.
Осылайша ауданда өткізілген 3 күндік іс-шараларға ризашылығын білдірген орган қызметкерлері, Балқұдық ауылының тұрғындары, мешіт жамағаттары ұсыныс-пікірлерінде ойдан тыс қалдырмады.
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.09.2016
3662
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру