РАНТ мүшесі, теолог Қабылбек Жұмабеков 3 күндік іссапары барысында Жаңаөзен қаласында болды. Арнайы үгіт насихат жүргізу мақсатына орай Жаңаөзен қаласында тұрғындармен, мемлекеттік қызметкерлермен, студент жастармен кездесулер өткізілді.
«Оқушылар» шығармашылық үйіндегі кездесу жоғары сынып оқушылары мен ұстаздарға арналса, О.Тұрмағамбетұлы атындағы коллледждегі отырысқа студенттер мен олардың оқытушылары қатысты. «Өзенмұнайгаз» мекемесінде мұнайшыларға түсінік жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, қалалық әкімшілік залында полиция, құқық қорғау қызметкерлерімен кездесу өтті. Ақшам мен құптан намазы арасында мешіт жамағатына уағыз айтылды.
Барлық кездесуде қамтылған тақырып - қазіргі кездегі өзге діни ағымдардың зияны, сәләфизм мен экстремизм тудырған қауіптер, ақида сеніміне қатысты болды.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.09.2016
3529
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру