
Нұр-Мүбарак университетінде білім алушылар еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған. Бұл оқу орнының ерекшелігі әр аймақтағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен облыстардағы Дін істері басқарма-орталықтарының өкілдері өз өңірлеріне қарасты студенттермен жиі жүздесу ұйымдастырып, оқу барысын қадағалап отырады. Тіпті кей облыстар мемлекеттік білім грантына іліне алмай қалған студенттердің оқу ақысын төлеп, келісім-шарт арқылы өздеріне жұмысқа шақырып отырады.
Осындай дәстүр бойынша ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілі, орталық "Нұр ғасыр" мешітінің бас имамы Төлеби Оспан университеттегі ақтөбелік шәкірттермен арнайы кездесті. Кездесуге университеттің «Дін және тәрбие» бөлімінің меңгерушісі Рахымжан Әкімбеков ұстаз да қатысты.
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына сай білім алушылардың xәл-аxуалымен, жалпы жағдайымен таныс болған Төлеби Оспан жастарға дінге қызмет етудің өзектілігі қоғам үшін пайдасы мен имамдық, ұстаздық қызметтің жауапкершілігіне де тоқталып өтті.
Бүгінгі қоғамда кәсіби біліктілігі жоғары, білімді шәкірттерді дайындау, олардың өз өңірлерінде қызмет етуі маңызды мәселелердің бірі екенін де баса айтқан ақтөбелік бас имамның өтінішін шәкірттер де мақұлдады.
Дегенмен «Балам дейтін ел болмаса, жұртым дейтін ұрпақ қайдан болсын» деген жастардың да айтары бар екен, орынды уәждерін алға тартты. Өкіл имамнан көкейлеріндегі сауалдарға жауап алған шәкірттер ризашылықтарын білдірді. Ақтөбелік шәкірттердің туған еліне деген сағынышын сейілткен кездесуден кейін "Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын" деген алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханның жалынды ұраны жастардың жанарынан байқауға болатындай еді.
«Нұр-Мүбарак» университетінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.09.2016
4097
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру