Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкентте төрт бағытты дамытуға арналған мәжіліс болып өтті

22.09.2016 3462 0 пікір

Шырайлы Шымкент қалалық мешіт имамдарының қатысуымен кеңейтілген мәжілісі болып өтті.

Айтулды шараға облыс имамының орынбасары М.Ақтамберді, Шымкент қалалық «А.Қаттани» мешітінің бас имамы Б.Абдірахманов арнайы қатысып, ҚМДБ тарапынан берілген төрт бағыт бойынша берілген тапсырмалардың  орындалуын бағылау және дамытуға бойынша сөз етілді.

Мұнымен қатар, теріс ағым жетегінде кеткен жамағатты ата дініне тарту жұмыстарын ұдайы дамытып отыру айтылды. Сондай-ақ, мәжіліс барысында, кереғар ағым мүшелерімен  кездесу жұмыстарын жүйелеу, мешіт жанындағы діни сауат ашу курстарын тұрақты жүргізу, халал өнімдерін өндіретін орындарды құжаттандыру,  ҚМДБ төл басылымдарына жазылу, насихаттау жұмыстарын қолға алу сынды бірқатар тапсырмалар берілді.

 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру