
«Иман» журналы мен «Ислам және өркениет», «Ислам нұры» басылымдары ҚМДБ-ның ақпарат құралдары ретінде діни танымдық бағыттағы тағылымдық материалдар жариялап, оқырманның ықыласына бөленуде.
Бұл басылымдар арқылы жұртшылық ислам құндылықтары мен асыл дініміздің тағылым қайнарларынан сусындап келеді.
ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі осы басылымдарға жазылу науқанын ұйымдастырды. Мұнда Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті мен өкілдікке қарасты аудандық мешіттерде баннерлер қойылып, осы басылымдар жұртшылыққа насихатталды.
ҚМДБ Өскемен аймағы өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы: «Жамағаттқа діни басқарманың атқарып жатқан келелі істерін насихаттау, діни сауаттылықты арттыру, ұлтымызды қайырымдылыққа, бірлікке ұйыстыруда бұл басылымдардың маңызы зор. Халқымыздың рухани сұранысын қанағаттандырып келеді» деп атап өтті.

Аталған журналмен газеттер өз мазмұнынын ұдайы жаңартып, оқырман қауымға ұлағатты дүниелер ұсынуымен ерекшеленеді.
Өскемен өкілдігі 2017 жылға «Иман» журналы мен «Ислам және өркениет», «Ислам нұры» басылымдарын белгіленген межеден түсірмей жазылу міндетін қойып отыр.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.09.2016
3361
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру