Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбеде діни сауат ашу курсы басталды

21.09.2016 3518 0 пікір

Қыркүйек айының 19-ы күні «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде осы уақытқа дейін жоспарланып келген діни сауат ашу курсы басталды.

Шәкірттер Алла жолында білім алуға бүкіл күш-жігерін салып, ұстаздардың дәрісіне ерекше ден қоюда. Алла тағала Құран Кәрімде «Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?» деп пайдалы білімнен нәр алған адамның дәрежесінің жоғары болатынын осындай салыстырмалы түрде айтып өткен. Алла Елшісі Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) білім алудың міндеттілігін ескере отырып, «Әрбір мұсылман еркек пен мұсылман әйелге білім алу - парыз» деген.

Ақтөбелік шәкірттер 9 айға жалғасатын бұл дәрістерге ниеттерін түзеп, білектерін сыбап Құран Кәрімнің әріптерін жаттау үшін «мұғалім сәни» кітабының парақтарын аша жөнелді. Одан бөлек дәрістер топтамасында білім алушылар фиқһ (ғибадат), ақида (сенім негіздері), араб тілі (бастауыш), сияр (пайғамбар өмірбаяны), сахабалар тарихы сынды ислам ғылымдарын үйренетін болады. Алғашқы күні шәкірттер тізімі реттеліп, алдағы уақытта болатын дәрістермен таныстырылып, жүйеленді.

 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру