Бүгінгі таңда ұлттық қауіпсіздігімізге қауіп-қатерін төндіріп тұрған экстремистік ағымдармен күрес – қазақ қоғамы алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі болуда. Өйткені, елдің тұтастығы, бірлігі – мәңгілік елдігіміздің кепілі. Ендеше, онымен қоғам болып күресу әрбір қазақстандықтың азаматтық міндеті болса керек. Осыны негізге алған Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешіті өңірдегі «Азаматтық инициативаларды қолдау» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, жылдағы үрдіс бойынша дін қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмысын қолға алды.
Осыған орай 20-қыркүйек күні «Иманғали» орталық мешітінің жанындағы медреседе облыс имамдарының біліктілігін арттыруға арналған кезекті үш күндік семинар-курсы өз жұмысын бастады.
Курстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы ислам дінінің қос қайнар көзі – қасиетті Құран кәрім және ардақты Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетіне негізделген хақ дініміздің мәні мен маңызына тоқтала келіп, курстың өткізілу мақсатын атап көрсетті.
Өкіл имам Б.Берденұлы: «Бүгінгі таңда жастарымыздың ата дәстүр, дінімізге жат, адасқан ағым жетегінде кетуінің бірден-бір себебі діни сауатсыздықпен тікелей байланысты. Түптеп келгенде, дін атын жамылған бауырларымыздың өз Отанын қорғаудың орнына халқына қарсы қару кезенуі – елдік қасіретіміз. Сондықтан бірлігімізге сызат түсіріп отырған жат ағым идеологиясымен бірлесе күресу – баршамызға ортақ міндет», – дей келе, аталмыш курсқа бас имамнан бастап қала және аудан имамдарының жұмылдырылып отырғанын айтты.
Айта кетейік, мұндай семинар осыған дейін де, өкіл имамның бастамасымен аймақта қолға алынып, біршама нәтижелі жұмыстар жасалған болатын. Семинарлар барысында мұнайлы өлкенің қала, аудан және ауыл имамдары Зайырлы мемлекет және дәстүрлі дін: өзара әрекеттесу мәселелерін үйреніп, діни ағымдардың қоғамға зияндылығы жайында біліктіліктерін арттырған-ды. Бұл жолғы семинарға келген қала-аудан имамдарына дініміздің қоғамдағы рольі және күнделікті имамдарға кездесетін күрделі діни мәселелер тақырыптары білікті ұстаздармен үш күн бойы талқыланбақ.
«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.09.2016
2975
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру