
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің бастамасымен елімізде жүзеге асып жатқан «Дін және тарих тағылымы» жылы аясында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті мен облыстық Дін істері басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен өңір орталығы Өскемен қаласында тамыздың соңында «Өскемен өңірі қарияларының I форумы» сәтті жүріліп өткен болатын.
Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған бұл шара өңірдің аудандарында жалғасын тапты.
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы орталығында «Зайсан аудандық мешітінің» ұйымдастыруымен «Зайсан ауданының аға буын өкілдерінің I форумы» болып өтті.
Атаулы шараға ҚМДБ Өскемен аймағы өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы, Зайсан ауданының әкімі Темірбек Қасымжанов, Шығыс Қазақстан облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» директоры Индира Беркімбаева қатарлы ресми тұлғалар қатысты.
Форумға аудан имамдары, аға буын өкілдері, аудандағы мәдениет, білім басқа да салаларда еңбек еткен ардагерлер шақырылды.
«Қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты қалыпты сақтау, салт-дәстүріміздің имандылыққа негізделген озық үлгілерін асыл дінімізбен ұштастыра дамытудағы қариялардың рөлін арттыру бүгінгі таңдағы маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. Облыс орталығында қариялар форумының ұйымдастырылуы мен Зайсанда өтіп отырған осынау шаралар зайырлы қоғамдағы ақсақалдар институтының рөлін арттырудағы маңызды қадамдар, бұл шара жастарымызды кері ағымдардан сақтандыруда, оларды отаншылдыққа баулу жолында оң әсер берері анық» деп атап өтті Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы өз сөзінде.
Форумда Зайсан ауданының әкімі Т.Қасымжанов, Шығыс Қазақстан облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» директоры
И. Беркімбаева, еңбек ардагері Қалибек Алтыбаевтар сөз сөйлеп, ой-пікір ұсыныстарын ортаға салып, халқымыздың ынтымағын арттыру, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаудағы аға буын өкілдерінің рөліне тоқталып, шараның Зайсан ауданы үшін ғана емес, жер-жерде ұйымдастырса да артық етпейтін құнды бастама екендігін айтып өтті.
Форумға қатысушылар қарар қабылдады.
300-дей аға буын өкілі бас қосқан, аудан тарихыныда бұрын-соңды болмаған алқалы жиын сәтті жүріліп аяқталды.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.09.2016
3529
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру