Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы қаласының Бас имамы кезектен тыс жиын өткізді

20.09.2016 3534 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Есмағанбет Нұрбек Әуесханұлы қала имамдарымен кезектен тыс жиын өткізді.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен еліміздің батыс өңірлеріндегі білікті маман тапшылығын сезініп жатқан аймақтарының бірі Ақтөбе облысына қаланың білікті де тәжірибелі мамандарын тарту мәселесі жиынның басты тақырыптарының бірі болды. Сонымен қатар, жат ағым жетегінде кеткен немесе кетуге таяу тұрған жамағаттарды дұрыс жолға қайтарудың маңызды тетіктері бүгінгі жиында қарастырылды.

Бас имам: «Әр мешіттің имамы өз жамағатымен тығыз қарым-қатынаста болуы керек. Оның мұң-мұқтаждығын сұрастырып, өзіне жақын тарта білуі қажет»,- деді. Сондай-ақ еліміздегі бүгінгі діни ахуал имамдарға асқан жауапкершілік жүктейтіндігін тілге тиек етіп, мешіттегі дін қызметкерлерін белсенділікке шақырды.   

 

Алматы орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру