Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбеде имам университет студенттеріне семинар өткізді

20.09.2016 3628 0 пікір

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің найб имамы Досаналиев Мұрат Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті студенттерімен кездесу өткізді.

Болашақ медицина мамандарымен кездесу «Жастар арасындағы құқық бұзушылық және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері» тақырыбында өтті. Кездесудегі негізгі мақсат аудандардан және басқа облыстардан келген студенттер жат ағымдағылардың құрығына түсіп қалмай, олардың жолымен еріп кетпеулері үшін тақырыптың аясында азғантай болса да дұрыс түсініктерін қалыптастыру болды.

Имамның кеңесі мен ақылына аса назар аударған студенттер қозғалған мәселеге ынта-ықыласпен қатысып отырды. Семинар барысында студенттер өздерін мазалап жүрген сұрақтарды дін маманына қойып, қанағаттанарлықтай жауаптарды тыңдады. Бұл сұхбатқа қатысушылардың басым көпшілігі талқыланған мәселенің төңірегінде еркін сөйлеп, тұщымды көзқарастарды айта білді.

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру