Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дін мамандары білім ордасында болды

20.09.2016 3312 0 пікір

Атырау қаласы №35 мектеп-гимназиясының ұстаздары мен оқушыларына Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры «Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дәстүрлі, ұлттық рухани-діни тәрбиенің құндылықтарын насихатай отырып, радикалды діни ағымдар идеологиясынан сақтандыру мақсатында өткізілген шараға «Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының директоры, теолог Қанат ЖҰМАҒҰЛ, өңірімізге шақыртумен келген теолог-дінтанушы Ернар МӘЖЕН қатысып, тәрбие беру ісінде қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесін,егемендік алған соңғы жылдарда қол жеткізген жетістігіміз туралы ойларымен бөлісті. Сонымен қоса, Тәуелсіздіктің көк туы желбіреген аз ғана кезең ішінде ата-салтымыз қайта оралып, төл мәдениетіміз, дәстүріміз, тіліміз, дініміз жаңа тұғырға көтерілген тұста жетістігімізді көреалмайтын, елімізді іштен ыдыратқысы келетін арам пиғылды теріс діни ағымдардың өкінішке орай жастарды адастырып жүргендігін тілге тиек етіп, дәстүрлі емес теріс діни ағымдардың шығу тарихы мен ерекшеліктері туралы, қазіргі кездегі елімізде уахабизммен-салафизмнің тармақтары және пайдаланатын әдіс тәсілдерін ашып, көрсетті.

Аталған шарада мазалап жүрген сауалдарына тұщымды жауап алған ұстаздар қауымы дін мамандарына ризашылығын білдіріп, алғыс айтты. Сонымен қатар Атырау облысы Дін істері басқармасының тарапынан ұсынылған ақпараттық діни материалдары таратылды.

 

maturidi.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру