Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматыда мешіт жастарының Футбол командасы құрылды

19.09.2016 3453 0 пікір

Алматы қаласының бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет мырзаның тікелей қаржыландыруымен Алматы орталық мешітінде, «Жастар ісі бөлімі» атынан «Бірлік» футбол командасы құрылды.

Аталмыш команда «PFL Almaty» ұйымдастырған әуесқой футбол турниріне қатысуда. Турнирдің ашылуына Алматы қаласының бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет және ҚМДБ Жастар ісі бөлімінің Алматыдағы уәкілі Есім Ержан қатысты. Ашылу салтанатында Нұрбек қажы қатысушыларға уағыз айтып, сәттілік тіледі. «Ислам діні салауатты өмір салтын әр дайым қолдайды, әрі мұсылман денсаулыққа зиянды амалдар мен жаман әдеттерге үйір болмайды» деп қатысушыларға келелі насихатын айтты.

Айта кетейік, шамамен 2 айға созылатын аталмыш турнирде 70-тен астам әуесқой командалар өнер көрсетуде.

Алматы орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру