Алматы қаласы Алатау ауданы «Әл-Азим» мешітінің ресми «Al-Azim.kz» ұлттық, рухани-ағарту порталы оқырманға жол тартты.
Бүгінгі таңда ғаламтор алаңында адамдарды пайдасыз ілімдерге, пайдасы аз ақпараттарға жетелейтін түрлі сайттардың көптігі соншалық, санасы енді жетіліп келе жатқан жасөспірімдерімізді адами мақсаттарынан басқа арнаға алып кетуде. Міне, осы мәселенің алдын алу үшін күллі адамзатты адамгершілікке, саналылыққа, парасаттылыққа тәрбиелейтін біршама діни сайттарымыз ашылды. Алла тағалаға мақтаулар айтамыз. Осы орайда, келелі іске бізде өз үлесімізді қосу ниетімен мешітіміздің ресми сайтын ұйымдастырып отырмыз.
Сайттың мақсаты өз оқырмандарын Аллаға деген шынайы махаббатқа әрі Оның елшісіне (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, елі-жеріне адал, қоғамға пайдалы азаматтарға пайдалы ақпарат беру. Ең бастысы ақиқат діні Исламның елімізде кең қанат жайылуына сүбелі үлес қосу.
Сайтымызда ғылыми-танымдық мақалалар, Құран ілімі, жаңалықтар, ғибратты оқиғалар, балаларға базарлық, сұрақ-жауап айдарлары жұмыс жасайды. Алдағы уақытта жаңа пайдалы айдарлармен толықтырылып отыратын болады. Алла тағала ісімізге берекет беріп, күллі мұсылманға пайдалы етсін деп тілек етеміз!
«Әл-Азим» мешітінің
баспасөз бөлімі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.09.2016
3799
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру