Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бердібек Сапарбаев «Ақтөбе» медресесінің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты

18.09.2016 4285 0 пікір

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Алға ауданына жасаған сапары барысында Бестамақ ауылында орналасқан «Ақтөбе» медресесіне арнайы ат басын бұрды.

Директор Әбдімүтәліп Дәуренбеков медресенің оқу процесі мен базасының бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстырды. Жаңа оқу жылында медресеге 32 шәкірт қабылданған. Оның 15-і Ақтөбе облысынан. Биыл медресені бітіретін 12 шәкірт болса, оның 9-ы ақтөбелік. Демек, аталған осы 9 түлек Ақтөбе облысындағы діни маман қажет орындарға қызметке барады деп күтілуде.

Өз кезегінде өкіл имам Төлеби Оспан «Ақтөбе» медресесінің колледж болып тіркелу үстінде екендігін айтты. Медресе 2011-2016 жылдар аралығында 61 түлек шығарған. Оның ішінде 20 түлек Ақтөбе облысында, 18 түлек өзге облыстарда мешіттерде қызмет етуде. 23 түлек діни білімдерін жетілдіру үшін жоғары оқу орындарында білім алуда.

Сондай-ақ, Бердібек Мәшбекұлы медресенің жатақханасы, асханасы т.б. қосалқы ғимараттарын аралап, танысып шықты.

«Бізде діни кадр тапшы. Бұл оқу орны – сол олқылықтың орнын толтыруы тиіс. Маман тапшы аудан, ауылдардың балаларын оқытып өздеріне қайта жіберу керек. Сонымен қатар медресеның базасын және мұғалімдерін ақпараттық-насихат жұмыстарына тиімді пайдалану қажет» деген облыс әкімі Б.Сапарбаев медресенің қызметіне оң бағасын берді.

 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру