Маңғыстау облыстық орталық мешітінде балаларға арналған мерекелік шара өтті. Шара Құрбан айт қарсаңында кішкентай бүлдіршіндерге айт мейрамын сезіндіру, бір-бірімен жақын бауырмалдықта болу мақсатымен ұйымдастырылды. Мешіттің сауат ашу курсына қатысатын отызға қыз-келіншектер өздерінің тәрбилеп, мәпелеп отырған балаларының жадына имандылық пен Исламның ізгі қасиеттерін сіңіріп жатқаны байқалды. Шараға қатысқан жиырмаға жуық балдырғандар өздерінің жаттаған Құран аяттарын айтып, ұйымдастырушы әпкелері қойған жұмбақтар мен сұрақтарға жауап берді.
«Мұндай шараны үйге де ұйымдастыруға да болар еді, бірақ ата-аналар әдейілеп мешітте ұйымдастырғанды жөн көрді. Мешіттің бала жанына жақын болуын, мешітке адамдар Аллаға құлшылық етуге келетінін сезіндіргіміз келді. Сондай-ақ, айт мерекесі күллі мұсылмандардың қуанышты тойы екенін үйретіп, Құрбан айт туралы балаларға бейнероликтер дайындадық. Сосын көрген-білгендерін сұрақ етіп қойдық. Мешіттің сауат ашу курсына бүгінде 30-дан астам әйел адам қатысады, олар Исламдағы ақида, фиқх мәселелерін оқып, Құран үйренеді», - дейді облыстық орталық мешіт ұстазы Әйгерім Ахметова.
Ілияс, Ідіріс, Юнус есімді үш ұлдың анасы 29 жастағы жас ана Кәмшат Ибрагимова балаларына кішкентай кездерінен Құран сүрелерін жаттатқан. Мерекелік шарада белсенділік танытқан, өнегелі көріністерге қатысып, көзге түскен 1 сынып оқушысы, 6 жастағы Ілияс қасиетті Құран аяттарын еш мүдірместен жатқа айтады. Кәмшат орталық мешіттің сауат ашу курсын 1 жыл оқып тәмамдаған. «Балаларым үлкен азамат болғанда тәрбиелі, иманды боп өскенін қалаймын. Бұл жағдайда маған Ислам көмекке келеді. Дін құндылықтарын үйретудің балаға тигізер пайдасы зор»,- дейді Кәмшат Ибрагимова.
Балаларын асыл дініміздің қайнар бұлағымен сусындатып жүрген ата -аналар балаларының қатысуымен көріністер де дайындаған. Көкейге түйгізер тағылымы мол «Ара мен шыбын», «Тауық неге шақырады», «Ақылды бала» көріністерді бүлдіршіндер бар ынтасымен ойнап шықты.
Шара соңында кішкентай балапандардың барлығына сыйлықтар беріліп, естелік үшін суретке түсті.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.09.2016
4232
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру