Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Студенттер құрбан айтты мерекеледі

16.09.2016 3316 0 пікір

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында жастар Құрбан айт мерекесіне орай мәдени шара ұйымдастырды. Шара барысында 3 сағатқа созылған концерттік бағдарлама қойылды.

Құран оқумен басталған жиында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтау бейнежазбасы көрсетілді. Аталмыш жиында Алматы қаласы бойынша ҚМДБ-ның Жастар ісі бөлімінің өкілі Есім Ержан Құрбан айт мерекесінің маңызы мен пайдасын түсіндіріп студенттерді құттықтады. Сондай-ақ: «Сіздер құрбан шалуға шамаларыңыз жетпесе ол қайғы емес... Осы оқу орнында өткізген уақыттарың босқа құрбан болса сол қайғы»,- деп насихат айтты.

Концерттік бағдарлама барысында қызықты рухани ойындар өткізіліп жеңімпаздарға силықтар берілді.

 

Алматы орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру