Мұсылман пенделер Құрбан айт күндері ізгі амалдарымен Раббысына жақындай түседі. Өйткені, «құрбан» сөзінің түп мағынасы да «жақын болу», «жақындау» дегенді білдіреді. Жалпы, жыл өткен сайын елімізде діни мерекелердің мәртебесі артып келеді.
Талдықорған өңірі Ақсу ауданында қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай ата дәстүрімізге сай мешіт алдында құрбан малдары шалынып, 200-ге жуық отбасыға таратылды.
Аудандық мешіттің ұйымдастыруымен аудандық атшабарда «Аламан бәйге», «Жілік сындыру», «Аударыспақ» ойындары өткізілді. Жарыс соңында бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттарды табысталды. Аудан мешітінің бас имамы Анарбай Тасболатұлы жеңімпаздарды құттықтап, марапаттарын берді.
Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.09.2016
3840
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру