Құрбан малын шалып, етін тарату – күллі мұсылман жамағаты үшін Алла тағаланың бергеніне шүкіршілік етіп, оған жақындауды ниет ететін ізгі құлшылықтардың бірі.
Ұлық күнде құрбан малын шалған ағайындар еттерін ағайын-туыс, көрші-көлемге, тұрмысы төмен отбасыларына, жетім-жесірлерге, мүгедектер мен сырқат жандарға таратады. Осыған байланысты Орал қаласы облыстық орталық мешітінің ұйымдастыруымен "Арнау-Батыс" мүгедек қоғамдық бірлестігіне, "Көшім" балалал психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесіне, "Бәйтерек" мүгедек балалар үйіне, "Арба" тірек-қозғалыс аппаратының қызметтің бұзылған мүгедек орталығы мекемесіне, тұрмысы төмен отбасыларына, жетім-жесірлерге, сырқат жандарға құрбан еттері таратылды. Қайырымдылық шарасына облысқа қарасты барлық мешіттер мен облыстық Жастар ісі бөлімі мен «Әйелдер-қыздар» секторы бөлімінің мамандары атсалысты.
Жалпы, қорытынды есеп бойынша облыс көлемінде жағдайы төмен 450 отбасыға құрбан еттері 5- кг көлемінде таратылып, қайырымдылық жасалды.
Осы шара қолдау көрсеткен барша мұсылман қауымның шалған құрбандықтарын Алла Тағала қабыл етсін! ҚМДБ-ның БҚО облысы бойынша өкілі, "Орал" орталық мешітінің бас имамы Руслан Тыныштықұлы қайырымдылық шараға келген қала тұрғындарына айт мейрамының мән-мағынасын айта келе қайырымдылық еттерін мұқтаж жандарға өз қолымен табыстады.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.09.2016
3198
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру