Облыстық «Нұр Ғасыр» орталық мешітінің найб имамы, Ақтөбе облысы бойынша «теріс ағыммен» жұмыс жүргізуші маман Досаналиев Мұрат Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 1-ші курс студенттерімен кездесу өткізді.
Найб имам «Жастар арасындағы құқық бұзушылық және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері» тақырыбында студенттерге уағыз-насихат және пікір алмасу жүргізді. Кездесудегі негізгі мақсат аудандардан және басқа облыстардан келген студенттер жат ағымдағылардың құрығына түсіп қалмай, олардың жолымен еріп кетпеулері үшін тақырыптың аясында азғантай болса да дұрыс түсініктерін қалыптастыру болды.
Имамның кеңесі мен ақылына аса назар аударған студенттер қозғалған мәселеге ынтасымен қатысып отырды. Уағыз-насихат барысында студенттер өздерін мазалап жүрген сұрақтарды дін маманына жаудырып, қанағаттанарлықтай жауаптарды тыңдады. Бұл сұхбатқа қатысушылардың басым көпшілігі талқыланған мәселенің төңірегінде еркін сөйлеп, тұщымды көзқарастар айтты.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.09.2016
3516
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру