
Көкшетау қалалық мешітінде әлеуметтік тұрмыс-ахуалы төмен отбасыларға арналған дүкен ашылды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысындағы өкілі, Науан Хазірет атындағы Көкшетау орталық мешітінің бас имамы Қанат Қыдырминнің айтуынша, осы күні дүкен өздеріне бекітілген әлеуметтік жағынан аз қамтылған 60 отбасына тегін қызмет көрсетуде.
Мұнда мұқтаж адамдар азық-түліктер, киім-кешектер мен ыдыс-аяқтарды ақысыз алады. Ал осындай игі іске мешіт имамдары мен қолы ашық кәсіпкер азаматтар ұйытқы болған.
E-islam.kz




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.09.2016
4161
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру