Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әс-Сәлам» мешіті – ізгіліктің ұйытқысы (ФОТО)

15.09.2016 3662 0 пікір

Биылғы Құрбан айт мерекесі республика көлемінде, елдімекендер мен шартарапта кеңінен аталып өтті. Астана қаласының іргесіндегі «Теміржолшылар» елді-мекенінде орналасқан «Әс-Сәлам» мешіті қасиетті мейрамда бірқатар қайырымдылық шараларына ұйытқы болды.

Жергілікті тұрғындар айт мерекесін айрықша қуанышпен қарсы алып, «Әс-Сәлам» мешітінде айт намазын оқыды. Мұнан кейін көпшілік құрбан шалу рәсіміне жұмыла кірісті. Бас имам Нұрбол Абсаттарұлы бастаған мешіт қызметкерлері мен шәкірттері осы игі һәм сауапты іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне белсене атсалысты.

«Әс-Сәлам» мешіті республика деңгейінде қолға алынған «Раббың үшін құрбан шал!» акциясы-2016 аясында 145 отбасыға (мұқтаж, мүгедек, әлеуметтік аз қамтылған және түзеу мекемесіндегілерге) 7 кг-нан жалпы 1 тонна 15 кг ет таратылды. Құрбан шалған кісілерге арнап мешітте дастархан жайылды. Айттап келген бүлдіршіндер де айттық сыйлықтан кенде қалмады.

 

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру