Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде құрбан айт мерекесінің 1-ші күні «Құрбан айт - ұлық мереке» атты іс-шара өткізілді. Бұл үлкен іс шараға 70-тен астам шәкірттер мен қонақтар қатысты. Онда алдыменен қасиетті Құранның аяттары оқылып, «Құрбан айт мерекесін жүректерге сіңдіру» тақырыбында уағыз-насихат айтылды. Шәкірттердің арасында мақал-мәтелден жарыс ұйымдастырылып, түрлі көріністер көрсетілді.
Шәкірттер өздерінің діни білімнен өте нәтижелі көрсеткішке жеткендерін дәлелдеп білім жағынан өзара сайысқа түсті. Арада жүрек тербетер имани өлеңдері оқылып, иләһи жыр-термелер қойылып та жатты. Одан бөлек қонақтар арасында «сыйлықтан құр қалмайық» атты сұрақ-жауап айдары өткізіліп, жеңімпаздарға әртүрлі сыйлықтар үлестірілді. Осы уақытқа дейін әйелдер жамағатының ауызбіршілігін, бірлігін ұйымдастырып, қадағалап жүрген бірнеше шәкірттер мен қызметкерлерге мақтау қағаздары табысталды.
Кештің өте жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосқан Қошқарова Кенжегүл және «әйелдер-қыздар» секторының Ақтөбе облысы бойынша жауапты мүшесі Бектаева Диляром есімді ұстаздарға ерекше алғыс айтылды. Сөз соңында әйелдер жамағатының және қонақтардың арасынан шыққан әжелер өздерінің ризашылықтарын білдіріп, шын көңілден шыққан баталарын берді.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.09.2016
3912
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру