
Мұсылмандардың қасиетті Құрбан айт мейрамын еліміздің шығысын ен жайлаған Өскемен өңірі жұртшылығы зор ықыласпен атап өтті.
Айттың алғашқы күні таң шеті сөгіле Өскемен қаласында тұратын мұсылман бауырларымыздың қаладағы мешіттерге ағылғанынан қарап-ақ, халықтың осынау ұлық күнге деген сағынышын, құрметін байқауға болады.
Таңсәріден Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті жамағатқа лық толды. Жиналған жамағаттың жүзінен осынау ардақты мерекеге деген ықылас пен ынта, құлшыныс лебі есіп тұрды.
Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы Айт намазына жиналған жамағатқа ислам құндылықтарынан тұщымды уағыз айтты.
Жұртшылықты Құрбан айтпен құттықтауға «Халифа Алтай» мешітіне облыс басшысының орынбасары Ж.Омар, өңірдегі діни бірлестіктердің жетекшілері келді.
Айт намазының алдында Шығыс Қазақстан облысының әкімінің орынбасары Жақсылық Омар шығысқазақстандықтары мұсылмандардың ұлық мерекесі Құрбан айт пен құттықтады.
Ол елімізге амандық пен бейбітшілік, халқымызға береке, ынтымақ тіледі. «Құрбан айт жаңа сатыға көтерілген мемлекеттік мейрам ретінде белгіленіп келеді. Құрбан айт татулық пен бірліктің және қайырымдылық жасау мейрамы. Бұл үрдіс күні бүгінге дейін жалғасын табуда» деп атап өті, ол өз сөзінде.
Бұдан соң жамағат сапын бұзбай иық тіресе Айт намазын өтеді.
Діни басқармадан жарияланған «Дін және тарих тағылымы жылына» байланысты Құрбан айт мейрамы Өскеменде биыл ұлттық нақышта өтті.
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің алдына Өскемен қаласындағы барлық мешіттер ақшаңқан киіз үйлер тігіп, жамағатқа бауырсақ үлестірілді. Ұлттық ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға сыйлықтар таратылды. Домбырамен әсем қалықтап, күмбірлі күй шалқыды.
Жамағат бір-бірін айтпен құттықтап, мәре-сәре болып, ақсақалдар келесі құрбан айтқа аман-есен жетуді тілеп, дұға жасады.
Зайсан ауданында қала көшелерімен көліктер шеруі жүріп халықты айтпен құттықтаса, «Зырян аудандық мешіті» және «Ақжар мешіті» қой көтеру сайысын өткізіп, жеңімпазға сол қойды сыйлады. Тарбағатай ауданы «Ақжар мешіті» балалар арасында асық ату жарысын ұйымдастырды. Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінен халыққа электронды құттықтау жолданды.
Өскемен қаласының көшелеріне Құрбан айт мейрамына арналған бильбордтар ілінді.
«Шемонаиха аудандық мешіті» түрмеде Құрбан айт өткізуі биылғы айырықша жаңалық болды.
Күршім, Риддер аудандық мешіттері Құрбан еттерін мұқтаж отбасылардың үйлеріне жеткізіп берді.
Биыл Өскемен қалалық әкімдігі Құрбан шалу орнын облыстық мешіттің ұсынысымен басқа жерден белгіледі. Ондағы тәртіп пен реттілікке, мал бағасының қолжетімді болуын мешіт имамдары қадағалады. «Халифа Алтай» мешіті құрбан шалатын жерге қазақ үй тікті.
Өскемен аймағы өкілдігі «Өскемен қалалық әлеуметтік бағдарламалар орталығымен» бірлесіп, қаладағы жағдайы төмен 427 отбасыға 3 тонна көлемінде құрбан еті таратылды.
Мүгедектерге үйлеріне жеткізіліп беру шарасы қолға алынды. «Хоспис» мекемесіне, «Аналар үйіне» құрбан еті берілді.
Ұлық мереке алдында Өскемен аймағына қарасты барлық мешіттерде тазалық шарасы өтті.
Сонымен қатар мал соятын қасапшыларға облыстық мешіт арнайы семинар ұйымдастырды. Ол шараға қаладағы ең шебер қасапшы және «Халал стандарттау бөлімінің өңір бойынша өкілі қатысты.
Осылайша Өскемен өңірінде Құрбан айт мерекесі қайырымдылық пен ынтымақ мерекесі ретінде халықтық сипатта белгіленіп өтті.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.09.2016
3976
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру