Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы, Алматы Орталық мешітінің ұйымдастыруымен «MAXIMA» сауда үйінің алаңында Құрбан айт мерекесі жоғары деңгейде өткізілді. Бас имам Нұрбек қажы Есмағанбет жалпы жұртты айтулы мерекемен құттықтай келе «Ислам адамға екі дүниенің қуанышы мен сыйына, бақыты мен берекетіне жетелейтін тура жолды көрсетеді. Амалын ізгілікке, қайырымдылыққа бағыттайтын жандар үшін Құрбан айт күндері мол мүмкіндік береді» - деді.
Қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік шаралар ұйымдастырылып, түрлі сахналық қойлымдар қойылды. «Ақүміт» және «Кәусар» балалар үйінде тәрбиелініп жатқан бүлдіршіндерге арнайы ақ дастархан жайылып, сыйлықтар үлестірілді. Керемет демалыстың куәсі болған ата-аналар ұйымдастырушыларға дән риза болып, өз алғыстарын жаудырды.
Алла Тағала күллі жер бетінде тыныштық орнап, тату ғұмыр кешуді нәсіп еткей. Тәуелсіздігіміз баянды болғай! Әмин!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.09.2016
4967
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру