Осындай атаумен Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде рухани кеш ұйымдастырылды.
Рухани кешті ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі ұйымдастырды.
Шараның құттықтау сөзін ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы сөз сөйлеп ашты.
Өз сөзінде бас имам Құрбан айт мерекесінің құндылығы, ізгілік мейрамының жұртшылыққа сыйлар қуанышын айтты.
Сонымен қатар, облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Б.Камалов жиналған қауымды мерекемен құттықтап, аймақтағы діни ахуалға тоқталды.
Рухани кеште көрермендер діни әндер тыңдап, тағылымды көріністер көрді.
Кеш барысында бас имам Т.Омаров аймақтағы Ислам дінінің өркендеуіне үлес қосқан бірқатар имамдарды алғыс хатпен марапаттады.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.09.2016
3441
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру