Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбеде мешіт алаңында мерекелік ойындар ұйымдастырылды

15.09.2016 3679 0 пікір

Құрбан айт мерекесі қарсаңында Ақтөбе облысы «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде ұйымдастырылған іс-шаралар мен қазақи спорт ойындары өтті.

Қалалық әкімшілік және мешіт ұжымы бірлесе ұйымдастырған бұл шараны құрбан айт намазына келген жамағат көріп-тамашалады. Ұлттық ойындарға дүйім жұрт ат салысып, өз өнерлерімен күрес, асық ату, арқан тарту, асық ату, кір көтеру, тоғызқұмалақ секілді ойындардан бір-бірлерімен иық тіресіп бәсекелесіп сайысқа түсті. Ұйымдастырылған ойындардың жеңімпаздарына және қатысушыларына арнайы сыйлықтар үлестірілді. Асыға күткен ұлық құрбан айт мейрамы қарсаңындағы шараларға халық риза пейілмен ерекше көтеріңкі күйлерінде үйлеріне тарқасты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру