Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

"Қазақстан Темiр Жолы" мекемесінде екі күндік кездесу өтті

15.09.2016 4308 0 пікір

Ағымдағы жылдың 9 - 10 қыркүйек күндері Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры  Атырау облысы бойынша ҚТЖ (Қазақстан Темiр Жолы) мекемелеріне қарасты Атырау қаласы, Мақат және Жылыой аудандарындағы мекемелерінде мекеме басшылары мен қызметкерлердің қатысуымен «Деструктивтік діни ағымдар – халқымыздың қасіреті» атты тақырыбында бірқатар кездесулер өткізді.

Діни экстремизм мен терроризмнің, деструктивтік діни ағымдардың таралуының алдын алу, теріс діни ағымдардың зиянды тұстарын түсіндіру және оған қарсы тұратын иммунитет қалыптастыру мақсатында өткізілген кездесуге «Шапағат» орталығының директор орынбасары, теолог Айбек АТАШЕВ, АО Атырау теміржолы директор орынбасары Амантай ЖАЙЛЫГУЛОВ, АО НК «ҚТЖ» арнайы қызмет басшысы Ленат РАХМАТУЛЛИН қатысып, қазіргі кезде күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселеге айналған дінге қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.

Сонымен қатар қатысушыларды діни мәселеге байыппен қарап барынша абай болуға шақырған жиын барысында жалпы халық теріс ді­ни ағымдардың жолына қалай түсіп кетіп отыр? Ол ағымдардан қалай құтылуға болады? Жалған діни ұйымға кірген тұлға кері шыға ала ма? – деген сынды түрлі сауалдар қойылып, тұщымды жауаптар берілді.

Осылайша Атырау облысы бойынша ҚТЖ мекемелерінде өткізілген екі күндік кездесулерге қолдау көрсеткен Атырау облысы Дін істері басқармасына және «Шапағат» орталығына Атырау темір­жолы бөлімінің бастығы Бөріхан БЕРКІМБАЕВ ризашылығын білдіріп, тағы да іс-шаралар өткізу қажеттігін жеткізді.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру