Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Таразда 2 жарым тонна ет мұқтаждарға үлестірілді

15.09.2016 3204 0 пікір

Құрбан айт мерекесі пендені Алла тағалаға жақындатып қана қоймай, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынасты жақсартатын және ынтымақ-бірлігін арттыратын ұлық мереке екені сөзсіз. Осыған орай, әрбір шамасы келген мұсылман баласы Алла жолында құрбандық малын шалып, игілікті іске үлестерін қосып, мұсылмандық мінез танытты. Алланың әмірімен Құрбан айт мерекесінде арнайы құрбан малы шалынатыны белгілі. Алла тағаланың Құран Кәрімде «Намаз оқы және құрбан шал» (Кәусар, 108, 3), — деп бұйыруы құрбан шалудың уәжіптілігін білдіреді.

Құрбан айттың бірінші күні «Һибатулла Тарази» мешіті халыққа ет үлестірді. Құрбандық 3 күн бойы шалынады. «Құрбан айттан теберік» науқанының аясында шалынған 2 жарым тонна құрбан малының еті алдын-ала тізімге алынған 450 мұқтаж отбасыға таратылды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру