Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әйелдер-қыздар» секторы мүгедек балаларға сыйлықтар табыс етті

15.09.2016 3857 0 пікір

Құрбан айт адамдарға ізгілік пен мейірімділік сыйлайтын қастерлі мереке. Бұл ретте мешіттер де жаны жабырқаған жандарға қол ұшын созып, қайырымдылық шараларын жиі ұйымдастырады. Биылғы  ислам күнтізбесіндегі ең айшықты мереке күндері  балғын балаларға да, ақ жаулықты аналарға да және жастардың өкілдеріне де арнайы бағдарламалар ұсынылды.

ҚМДБ Жалпы және жаста ісі бөлімі «Әйелдер-қыздар» секторының Ақмола облысыбойынша өкілі Халықова Махаббат пен «Науан Хазрет» мешітінің ұстазы Әсел Қыдырминалардың ұйымдастыруымен облыс орталығындағы  психоневрологиялық ауытқулары және тірек аппараттары бұзылған мүгедек  балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінде игі шара өтті. Онда қасиетті Құрбан айт мерекесінің тағылымын жаны жүдеген балғындарға сездіру мақсат етілген еді. Мешіт өкілдері оларға бұл мерекенің  ғибраты жайлы әңгімелер айтты.

Бала жанын қуанышқа кенелтетін нәрсе – сыйлық беру. Мекемедегі жүзге тарта  мүгедек балалар арнайы дайындалған сыйлықтарға ие болды. Өз кезегінде мекеме басшылары да мешіт ұстаздарына өздерінің ризашылықтарын айтып, ізгі тілектерін білдірді.

Бақыт Смағұл


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру