Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақжайық жұрты айт намазын оқыды

14.09.2016 3538 0 пікір

Бес парыздың бірі - қажылықпен тұспа-түс келетін қасиетті айттың орны ерекше. Құрбан айт – кең пейілділік пен жомарттықтың, бауырмалдық пен қайырымдылықтың мерекесі.

Бүгін мұсылман үмбетінің ұлық мейрамының бірі – Құрбан-айт! Айтулы мерекеге орай Ақжайық мешіттерінде айт намазы оқылды.
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына орай,  Батыс Қазақстан облысы бойынша мешіттерінде Құрбан-айт мерекесіндегі іс-шаралары жоғары деңгейде аталып өтті.

Таң сәріден Алла үйіне жиналған жамағатқа Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Сейдірұлы айт мерекесімен құттықтап, ақ тілегін білдірді. Ал ҚМДБ-ның БҚО бойынша  өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы Құрбан-айт мерекесімен құттықтап, Құрбан айттың шығу тарихына тоқталып, тұщымды уағыз айтты.

Рио-де-Жанейрода өткен ХХХІ жазғы олимпиада ойындарының чемпионы, Ақжайық өңірінің тумасы Данияр Елеусінов пен Марат Елесінов айт намазын жамағатпен бірге оқыды.
Намаздан кейін айт хұтпасы оқылып, өмірден өткен мұсылмандар үшін Құран сауабы бағышталды. Сондай кейін, мешітіміздің ақсақалдары Жаратушы Алладан еліміз бен жерімізге амандық, тыныштық тілеп дұға жасады.
Дұға жасалып болғаннан соң, мешітке жиналған мұсылмандар бір-бірін Құрбан-айт мейрамымен құттықтап, мерекелік шаттыққа толы болды.

Сондай-ақ, Бас имамның тапсырмасына орай, айт-намазы аяқталғаннан кейін, діни әдебиеттер тегін тартылды.

 

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру