Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ұлық мейрамда абақтыдағыларға айттық дастарханы жайылды (ФОТО)

14.09.2016 3700 0 пікір

Қасиетті Құрбан мерекесінің соңғы күні Астана іргесіндегі  №166/10 қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде айттық дастарханы жайылып, жазасын өтеп жатқан азаматтарды ұлық мерекемен құттықтап қайтты. Игі шараға «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Асқар Мұқанов пен «Әс-Сәлам» мешітінің мешітінің бас имамы Нұрбол Абсаттарұлы қатысып қайтты.

Тағдырдың түрлі соқпағына түсіп, жаза басқан азаматтар арасында Аллаға иман келтіріп, темір тордың арғы жағында болса да құлшылыққа бет бұрғандар саны біршама. Онсыз да жолдан жаңылысып, осы жерге келіп түскен олардың енді теріс ағым шырмауына ілігіп, тағы қателеспеуі үшін ҚМДБ-ның бастамасымен РАНТ (Республикалық ақпараттық-насихат тобы) құрылып, білікті мамандар тобы еліміздегі түзеу мекемелерінде уағыз-насихат жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Аталмыш абақтылар тізімінде осы  №166/10 қатаң тәртіптегі түзеу мекемесі де бар.

Аталмыш түзеу мекемесіне үнемі ат басын бұрып, уағыз жұмыстарын жүргізіп келе жатқан РАНТ мүшесі Асқар Мұқанов жиналғандарды Құрбан айт мерекесімен құттықтап, жылы лебізін жолдады. Сондай-ақ, қос имам да қасиетті мерекенің мән-маңызына тоқталып, жамағатқа уағыз жүргізді.  Қос құлшылық ордасының қолдауымен жүзеге асқан қайырымдылық шарасының соңында жиналғандарға арнайы сыйлықтар таратылып берілді.

Muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру