Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстаулықтар Құрбан айтты атап өтті

14.09.2016 3442 0 пікір

Қасиетті Құрбан айт мерекесін маңғыстаулықтар шат-шадыман қарсы алды. Облыстық орталық мешітіндегі айт намазына жиналған мұсылман қауымын құттықтауға өңір басшысы Алик Айдарбаев келді. Өкіл имам Смайыл Сейтбековтің Құрбан айттың шығу тариxы, айт күнгі амалдар, жақсылық пен қайырымдылық туралы уағызынан соң, облыс әкімі мұсылман жамағатына өзінің құттықтау лебізін жеткізді.

Аллаға деген құлшылығын орындап болған соң, бір - бірін мәре - сәре боп құттықтаған xалық құрбан шалуға асықты. Береке мен мейірім шуағын шашатын айт мейрамының құрметіне орай мешіт жанында арнайы киіз үйлер тігілді. «Маңғыстаумұнайгаз», Қазақстан xалықтары Ассамблеясының облыстық филиалы және өзге де мекемелер мен мешіт тарапынан тігілген үйлерден қала тұрғындары мен қонақтар дәм татты.


Күннің көзі өз нұрын молынан төккен бұл күні қуанышты мерекеге жиналғандар ішінде ерлер қауымы спорттық ойындардан өткізілген жарыстарға қатысты. Ақ жаулығын жарасымды таққан әжелер, қазақы киіммен айт көркін аша түскен қыз - келіншектер киіз үйде бір бірімен әңгіме дүкен құрса, ерлер жағы кір тасын көтеру, қошқар көтеру, арқан тарту, күрес секілді ұлттық ойындардың көркін қыздырды. Жеңімпаздардың барлығын облыс имамы өзі арнайы марапаттап, сый - сияпаттар тапсырды. Өкіл имам Смайыл Сейтбековтің айтуынша, құрбандыққа арналып сойылған мал еттері мұқтаж жанұяларға таратылуда. Шамамен 150-ге жуық адамға құрбан еттері беріліп, қайырымдылық шаралары айт күні аяқталғанша жалғаспақ.

 

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі  

 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру