Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бес жүз пакет құрбан еті табысталды

14.09.2016 3217 0 пікір

Құрбан малын шалып, етін тарату – күллі мұсылман жамағаты үшін Алла тағаланың бергеніне шүкіршілік етіп, оған жақындауды ниет ететін ізгі құлшылықтардың бірі. Құрбан айт күндері жағдайы жеткен әрбір иманды жан қаржылық мүмкіндігі жоқ адамға жәрдемдесіп, қайырымдылық жасай түседі. Әсіресе, бұл мейрамда құрбан малын шалған ағайындар еттерін ағайын-туыс, көрші-қолаң, тұрмысы төмен отбасыларына, жетім-жесірлерге, мүгедектер мен сырқат жандарға таратып сауапта жарысады.

Қашан да аймақтағы әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі мүгедектер мен асыраушысы жоқ мұқтаж жандарға көмек қолын созатын «Иманғали» орталық мешітінің ұжымы бұл жолы да құрбан еттерін тарату барысында белсене қызмет етті.

Құрбандық еттері Атырау облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйіне, "Мөлдіркөз" зағиптар қауымдастығына және жаны жабырқаулы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға үлестірілді.

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы қайырымдылық шараға келген қала тұрғындарына айт мейрамының мән-мағынасын айта келе қайырымдылық еттерін мұқтаж жандарға өз қолымен табыстады.

Бір-біріне жылыұшырай амандасып, құрбандықтың қабыл болуын тілескен ағайын қайырымдылық шараларын өткізуде көптің көңілінен шығып жүрген өңіріміздің өкіл имамы Батыржан Берденұлына алғыс білдіруді де ұмытпай, айттан айтқа аман-есен жетуді тілесті.

Айта кетсек, айттың алғашқы күні 300 кісіге, екінші күні 200 жанұяға, жалпы саны 500 пакет ет қайырымдылыққа берілді.

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

 



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру