
Күллі мұсылман қауымы асыға күткен ұлық мереке – Құрбан айт мейрамы да тойлануда. Еліміздің түкпір-түкпірінде айт намазын оқудан бастау алған мереке «Иманғали» орталық мешітінде де ерекше аталды. Арайлы таңның атысымен айт намазын оқуға ағылған халық қарасының көп болғаны соншалық, орталық мешіттің іші-сырты лық толды.
Айт намазының алдында наиб имам Ардақ Жұмабекұлы қасиетті Құрбан айт мейрамының қасиеті жайында уағыз айтып, айт намазының оқылу тәртібін түсіндірді.Облыс әкімінің орынбасары Әлібек Ибатоллаұлы айт намазына арнайы келіп, бір кісідей жиылған жамағатты Құрбан айт мерекесімен облыс әкімі атынан құттықтап, ел амандығына тілектестігін білдірді.
Ынтымақпен сап түзеп айт намазын оқыған жамағатқа ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров ізгілік пен мейірімділік хақында мазмұнды уағыз-насихат жасады.
.jpg)
Айт мейрамын Алла үйінен бастауды ниет еткен жұртшылық мешіт ауласында ұйымдастырылған түрлі мерекелік шараны қызықтады. Атап айтқанда, «Қазақша күрес», «Қол күрес», «Кір тасын көтеру», «Арқан тартыс» сынды ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылса, балалар асық ойнап, өзара мәре-сәре болысты. Әрбір ойын түрінен жүлде иеленген жеңімпаздар құрбандық малымен (қой) марапатталды.
Иә, еңкейген қариядан еңбектеген балаға дейін айт мерекесіне келіп, мұсылман мейрамының сән-салтанатын қыздыра түсті. Балалар да мешіт назарынан тыс қалмады. Құрбан айт мерекесін тамашалауға ата-аналарымен ере келген балаларға ойын-сауық алаңдары жасалып, әрбір балақайға айтқа әзірленген базарлық берілді. Балаларға 500-ден астам балмұздақ, 50-ге тарта ойыншық таратылды.
.jpg)
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бастаған өңір басшылары мешітте Құран оқытып, атаған құрбан малдарын шалды. Сондай-ақ, сойылған құрбандық етін мұң-мұқтаждарға таратылу сәтінің де куәсі болды.
Биылғы Құрбан айт мерекесі жылдағыдан ерекше өтті. Оны күлкі мен қуанышқа толы жамағаттың жадыраңқы жүзінен байқау қиын емес. Әсіресе, балмұздақтан дәм татып, ойыншығын ұстай кеткен балалардың қуанышынан байқауға болады. Шындығында ынтымақ пен бірлік, кешірім мерекесі осылай аталып өтілсе керек...
Атрыау облысы «Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.09.2016
3927
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру