Құрбан айт – дін мен ділді, ел мен елді табыстыратын, береке-бірліктің мерекесі. Туысқа туыстығын, ағайынға аяушылығын көрсетіп, ата-баба дәстүрін жалғастырып келе жатқан қасиетті мейрам. Оның куәсі еліміздегі өтіп жатқан қайырымдылық шаралары.
Қасиетті Құрбан айттың бірінші күні, яғни 12 қыркүйекте атымтай азамат Өмірхан Алтын бастаған Еуропа қазақтарның шалған құрбандық малдарының етін Астана қаласынның әлеуметтік жағадайы төмен тұрғындарына таратты. Шараны ұйымдастырып отырғандар Алаштың ардақты ұлдарының бірі, дін қайраткері Зуқа қажы Сәбитұлының 150 жылдық мерейтойын ұйымдастыру алқасы мен «Зуқа батыр Сәбитұлы қоры» Қоғамдық қоры. Арнайы жүк көліктерімен үй-үйлерді аралап, пәтер жалдап тұрып жатқан жағдай төмен отбасыларға құрбан етінен айттық таратты.
Ұйымдастыру алқасының төрағасы, халықаралық тәуелсіз журналист, қоғамқайраткері Өмірхан Алтын: «Бұл шаралар бүкіл ғұмырын кедей-кепшіктерді, жарлы-жақпай мен қуғын-сүргіндегі ағайындарды қорғауға, пана болуға арнаған, ел-жері үшін шахит болған атақты Зуқа батыр Сәбитұлының 150 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып отыр. Біздің Европадағы ағайындар биылғы құрбан айттық құрбандықтары мен силықтарын Қазақстандағы дағдарыстан қиындық көріп отырған елге және Монғолиядағы су тасқынынан зардап шеккен ағайындарға аранап отыр» - деді.
Ұйымдастыру алқасының мүшесі, тәуелсіз журналист, ақын Бейсен Ахметұлының айтуынша, Астана қаласында 58 қой сойылып, 250 ден астам отбасына үлестірілген. Ал Монғолия жерінде 600 ден астам мал еті сондағы қазақтарға таратылды. Сойнай-ақ киім-кешектер мен оқу құралдарын да таратылғандығын жетікізді.
Айттың екінші күні, Қарағанды облысы Осакоровка ауданындағы мектеп оқушыларына еуропадағы балалардың айттық сыйлықтарын табыстады. Аталмыш шараға Осакоровка ауданының әкімінің орынбасары Алма Шалабаева, журналист Алберт Сафулин қатарлы азаматтар қатысты.
Осакоровка ауданының әкімінің орынбасары Алма Шалабаева ханым өз кезегінде Европадағы ағайындардың балаларына ыстық ықыласпен сәлемін жолдады. Ал, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері концерттік бағдарлама қойып, қонақтарға алғыстарын білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, 1866 жылы Шығыс Қазақстан облысының Зайсаң өңірінде туған Зуқа батыр Сәбитұлының 150 жылдық мерейтойы 12 елде, 30 дан астам үлкен қалаларда талып өтілуде. Зуқа батыр туралы 4 тарихи деректі роман, 150 ден астам зерттеу мақалалары мен 300 ден астап көркем шығармалар жарялнған. Өткен ғасырдағы қазақ топырағынан шыққан дін қайраткерлерінің бірі.
Айттарыңыз қабыл болсын, ағайын!
«Зуқа батыр Сәбитұлы қоры» Қоғамдық қоры
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.09.2016
4345
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру