Талдықорған қаласының жұртшылығы Құрбан айт мерекесін айт намазын оқумен қарсы алды. Талдықорған орталық «Иман» мешітінде жиналған жұртшылықпен Алматы облысының әкімі Амандық Батталов жүздесіп, айт мерекесімен құттықтады. Мерекелік намазға қатысқан соң, облыс әкімі құрбан рәсіміне қатысты.
Орталық мешітің ұйымдастыруымен мерекелік іс шара «Құрбан айт қоржыны» атты сыйлықтарды қала көшелерінде таратуымен жалғасты.
Талдықорған мешіттері де айтқа арналған шаралардан тыс қалған жоқ. «Нұр», «Жетісу» және «Еркін» мешіттерінде түрлі спорттық ойындар және ойын сауық шаралары жүргізілді.
Көпшіліктін Алланың үйі мешіттерге келіп, шалған құрбандықтарының еттері жағдайы төмен және көп балалы, мұқтаж және мүмкіндіктері шектеулі жандарға садақа әрі айттық дастархан ретінде таратылып берілді.
Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.09.2016
3475
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру