Қасиетті жұмада ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов Рио-де-Жанейрода өткен ХХХІ жазғы олимпиада ойындарының чемпионы, Ақжайық өңірінің тумасы Данияр Елеусіновті жылы шыраймен қарсы алып, жиылған қауымға таныстырып, ақ тілек кезегін ұсынды.
Данияр Маратұлы: «Жұма жұма мүбарак болсын! Келе жатқан кұрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын! Маған үлкен қолдау көрсеткен Ақжайық жұртыма, баршаңызға Алла разы болсын! Екі дүниенің бақытын нәсіп етіп, дұға қабыл болғай», -деп жүрекжарды тілегін жеткізді.
Өкіл имам ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы атынан Данияр Елеусіновке, әкесі Марат Елеусіновке қасиетті Құран кітабын табыстады.
Данияр Маратұлы жамағатпен бірге жұма намазын оқыды.
«Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» демекші «Данияр Маратұлының жеңісті тұғыры көп болсын», -деп дұға жасады жиылған жамағат.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.09.2016
3554
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру