
Осыдан бірер жыл бұрын ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен еліміздегі құлшылық ордаларында діни мерекелерді ұлттық нақышта атап өту үрдісі жолға қойылған болатын. Осыған орай, бүгін Елордамыздағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Құрбан айт мерекесіне орай ұлттық спорт ойындарынан сайыс өткізілді.
Атап айтсақ, «Арқан тартыс», «Кір тасын тасын көтеру», «Қол күрес» және «Асық ату» ойындары бойынша мешіт жамағаты өзара бақ сынасты. Спорттық сайыста озық нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанған жандарға арнайы алғыс хат пен ақшалай сыйлықтар табысталды.
Сондай-ақ, мешіт ауласына тігілген қазақ үй ішінде айттап келішлерге арналған айттық дастарханы жайылып, мерекелік көңіл-күй орнады.
Muslim.kz











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.09.2016
3344
0 пікір



+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру