ҚМДБ Алматы қаласы Қасиетті Құрбан айт мерекесін ерекше ынтамен қарсы алды. Алматы қаласының Орталық мешітінде мұқым мұсылман жұртына қадірлі саналатын Құрбан айт мерекесімен қала әкімі Бауыржан Байбек Қыдырғалиұлы арнайы құттықтап, ыстық ықыласын білдірді. Сонымен қатар Бас имам Нұрбек қажы Есмағанбет жалпы жұртқа хазіреті мүфти Ержан қажы Малғажыұлының сәлемін жолдай отырып, «Адамзат баласын имандылыққа ұйытып, қанағат пен тәубеге шақыратын ұлық мейрам. Бұл күндері барша мұсылман құрбан шалумен ғана емес, Ұлы Аллаға ұнамды әрбір ізгі амалы арқылы Раббысының разылығына, рақымына жақындай түседі», – деді.
Айт намазынан соң мешіт ұжымы дайындаған арнайы мерекелік іс-шара ретінде, ұлттық құндылықтар мен асыл дініміздің тамырластығын насихаттау мақсатында жамағатқа ұлттық төл спорттық сайыстар жүргізілді. Кір тасын көтеру, топтық арқан тартыс, асық ату, қол күрес т.б. ойын-сайыстар жамағатқа жағымды көңіл-күй сыйлап, салауатты өмір салтын ұстануда ұстын мақсаттарға үндеді. Жеңімпаздар мен қатысушы азаматтарға арнайы Құран Кәрім мен әртүрлі сый-сыяпаттар марапатталып, үлестірілді. Мещіт ауласына қазақы киіз үй тігіліп, қонақтар ұлттық тағамға толы мерекелік дастарханнан дәм татты.
Қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік шара «Махіма» Сауда Үйінің алаңында жалғасын табатын болады. Бүлдіршіндер үшін арнайы ойын алаңқайлары құрылып, жалпы жұртқа сахналық қойылымдар көрсетілетін болады.
Алла Тағала дұға-тілектеріміз бен сауапты істерімізді және шалған құрбандықтарымызды қабыл еткей! Әмин!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.09.2016
4080
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру