Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай облысындағы өкіл имам тіркелей эфирде сұрақтарға жауап берді

10.09.2016 3390 0 пікір

Кеше «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының «Бірінші студия» бағдарламасының тікелей эфирінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Тәжімбет Бахытбек пен найб имам Сыздықов Дархан «Құрбан айт» тақырыбында кездесу өткізді.

Бахытбек Нұрғабылұлы Құрбандық шалудың негізгі шығу тарихы, маңыздылығы және тәртібі турасында сөз қозғады. Сонымен қатар қасиетті Құрбан айт күні Қостанай қаласында жаңа мешіттің ашылатындығы туралы айтып өтті.

Эфирге тікелей қоңырау шалған азаматтардың сұрақтарына Дархан Манарбекұлы жауап бердіп, Құрбан айт намазының ерекшеліктері мен маңыздылығы жөнінде жан-жақты тоқталды.

 

 

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру