Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Зулхижжа айындағы ауызашар (ФОТО)

09.09.2016 3939 0 пікір

Кеше бейсенбі күні Алматы қаласындағы «Омар ибн әл-Хаттаб» атындағы мешіттің Бас имамы Асан Тілеубердиевтің ұйытқы болуымен мешіт жамағатына зулхижжа айының құрметіне арнайы ауызашар берілді.

Ауызашарға 60-тан астам адам қатысты. Бірлікке бастаған басқосуда уағыз айтылып, қасиетті айдың артықшылықтары туралы сөз болды.

«Зулхижжа айы – қасиетті ай. Бұл айда мұсылман баласы жақсы амал жасауға тырысады. Өздеріңіз белесіздер, қазір отандастарымыз қасиетті Мекке қаласында қажылығын өтеуде. Олардың да қажылығы қабыл болғай. Құрметті жамағат, бүгінгі ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын. Алла Тағала баршамызға екі дүниенің жақсылығын нәсіп етсін», – деді Бас имам Асан Тілеубердиев.

 

«Омар ибн әл-Хаттаб» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру