Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сырым ауданынан Оралға қайырымдылық керуені келді

09.09.2016 3457 0 пікір

Сырым ауданы әкімі Абат Шыныбековтың бастамасында жергілікті жеке кәсіпкерлердің қолдауымен Сырым ауданынан қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай  Орал шаһарына қайырымдылық керуені  келді.

Қайырымдылық керуенін аудан әкімі өзі бастап, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов  жылы шыраймен қарсы алып, ұлық мерекемен құттықтап, ел жолында жасап жатқан қызметіне  ризашылығын білдірді.

Қасиетті құрбан айт мерекесіндегі қайырымдылық керуені Орал қаласындағы  отбасыда жағдайы төмен жандар мен көмекке мұқтаж адамдардың үйлеріне арнайы баратын болады.

Ұлық мереке қарсаңында жасалған игі шаралар әліде өз жалғасын таппақ.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру