Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семейде өкіл имам Құрбан айт қарсаңындағы БАҚ өкілдерімен кездесті

08.09.2016 3708 0 пікір

ҚМДБ Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы және найб имамдар қалалық баспасөз орталығында Семей халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Өкіл имам өз сөзінде: "Ардақты Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Малдың жақсысы мен тәуірін құрбандық ретінде таңдаңыз. Өйткені, ол «Сырат» көпірінде сізге көлік болады»"- дей келе, асыл дінімізде ерекше тұтатын қасиетті Құрбан айт мерекесінің мән-маңызы туралы кеңінен ақпарат берді. Сондай-ақ, өкіл имам аталмыш мейрам күндері мешіт ұжымының ұйымдастыруымен өткізілетін мерекелік шараларға тоқталды.

Өңірдің бас имамы құрбан айт ұлттық мейрам санатына қосылғанын атап, халықты адалдыққа, мейірімділікке, қайырымдылыққа, ынтымаққа шақырды.

Айтулы мейрамның мәртебесін биіктете түсу үшін отбасыларыңызға сыйлық жасап, балаларыңыздың көңілін тауып, мейрамның қадір-қасиетін кеңінен насихаттау керектігін де жеткізді. Биылғы жылғы Құрбан айт намазы Семей аймағы бойынша 12 қыркүйек  күні  сағат 07:00-де оқылады. Кездесу соңында өкіл имам БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Семей Қос мұнаралы орталық

мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру