Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскеменде Құрбан айтқа байланысты баспасөз мәслихаты өтті.

08.09.2016 3422 0 пікір

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы «Ұлттық баспасөз орталығында» ұлық мейрам Құрбан айтқа орай баспасөз мәслихаты болып өтті.

Жиынға ҚМДБ Өскемен аймағы өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы, Өскемен қалалық әкімдігінің жауапты басшылары қатысты.

Баспасөз мәслихатында ұлық мейрамда облыс орталығында атқарылатын шаралар хабарланды.

Өкіл имам ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің атынан құттықтап, құрбан шалудың теңдессіз сауабы мен маңызына тоқталды. Облыстық мешіттен атқарылатын шараларды таныстырып өтті. «Биылғы жылды діни басқарма «Дін мен тарих тағылымы жылы» етіп жариялауына байланысты құрбан айт мейрамы кезінде ұлттық құндылықтарымызды танытуға бағытталған, ұлттық ойындар мен дәстүрлі өнер туындылары насихатталады. Сонымен бірге қайырымдылық шараларына айырықша мән беру көзделіп отыр. Құрбан шалатын орынның реттілігі мен тәртібі және тазалығы туралы біз қалалық әкімдікке ұсыныстар енгіздік. Сол бойынша биылғы құрбан жаңаша форматта, ұйымдастырылатын болды» деп атап өтті ол.

Өкіл имам сондай ақ журналистердің сауалдарына жауап беріп, шығысқазақстандықтарды қасиетті мейраммен құттықтап, елімізге бейбітшілік тіледі.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру