Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Экстремизмді болдырмау шараларына арналған семинар өтті

07.09.2016 3602 0 пікір

Алматы қаласы Бостандық ауданының орталық «Орбита-3» мешітінің  Бас имамы Әсет Қадырахынұлының  ұйымдастыруымен жуырда «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінен  арнайы оқытушы шақыртылып, семинар ұйымдастырылды.

Аталған семинар Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі    №146-1 «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №191 «Террористік тұрғыдан осал обьектілердің терроризмге қарсы  қорғалу жүйесіне қойылатын талаптары  бекіту туралы» Қаулысына сәйкес даярланған бағдарлама аясында ұйымдастырылды.

«Елімізде лаңкестік әрекеттерді болдырмау, экстремизмді алдын алу – әрбір азаматтың асыл міндеті. Ислам діні нақақ қан төгуге тыйым салады. Біздің басты байлығымыз – халқымыздың бірлігі мен ұлтаралық, дінаралық татулық пен келісім», – деп атап өтті «Орбита-3» мешітінің Бас имам Әсет Қадырахынұлы.

Семинар соңында мешіт қызметкерлеріне арнайы сертификат табысталды.

«Орбита-3» мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру