Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семейда Құрбан айт қарсаңында имамдар бас қосты

06.09.2016 3373 0 пікір

Семей орталық мешітінде қала мешіттерінің бас имамдарына арналған жиын өтті. Жиында Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы Құрбан айт мерекесін ауқымды түрде атқарылатын іс-шараларды жиылған имамдарға таныстырып өтті. 

Жиналыста қаралған негізгі тақырып Құрбан айтты жоғары деңгейде өткізу мәселесі. Құрбан айт ұлттық нақышта атап өту керектігі имамдарға баса айтылды. Сонымен қатар жиналыста көшелерге Құрбан айт мерекесіне байланысты баннер, билбордтар ілу т.б. тапсырмалар берілді. Биылғы жылғы Құрбан айт намазы Семей қаласында 12 қыркүйек  күні  сағат 07:00-де оқылады.

Алқалы жиынның соңында имамдар жаңа тапсырмалар алып, нәтижелі жұмыстарды атқарамыз десті. Мейірімі мол Алла Тағаладан алдағы Құрбан айт мерекесін абыроймен өткізіп, ісімізде береке-бірлік болсын деген ниетпен тарқасты.

 

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру