Құрбан айт мерекесі қарсаңында Орал қаласының орталық мешітінде екінші рет қасапшыларға арналған "Қасапшылық сауапты һәм жауапты іс" атты оқу-семинары өтті.
Семинарға ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов, қала мешіттерінің имамдары мен найб имамдары, Орал қаласының қасапшылары қатысты.
Дәріс барысында өкіл имам сөз сөйлеп, қасапшылықтың үлкен жауапты іс екенін түсіндіріп, қасапшыларға малды бауыздау рәсімінің шариғатымыздан алатын орны жайында, бұл істің қазіргі таңда аса маңызды, әрі үлкен жауапкершілікті талап ететінін, халық үшін жасалатын игі қызмет екендігін атап өтті.
Оқу семинарына қатысушы қасапшылардың саны артуда. Дәріске қатысып, оқу курсын тәмамдаған қасапшыларға арнайы сертификат пен төс белгілер берілді.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.
ҚМДБ БҚО бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.09.2016
3137
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру