
ҚМДБ Ақтөбе өкілдігіне қарасты діни танымдық-ақпараттық «nurgasyr.kz» ресми сайты жаңа нұсқада оқырманға жол тартты.
Ауқымы – республикалық. Мақсаты – Ислам дінінің байсалды орта жолын насихаттау, діни мағлұмат алғысы келген барлық жастағы оқырманды қамту. Сайтта – бас мүфти бағаны, жаңалықтар, мақалалар, медиа насихаттар (аудио-видео), фотогалерия болады.
Сондай-ақ, теріс ағымның алдын алуға арналған айдармен қоса Ақтөбе мешіттері (мешіттердің қысқаша сипаттамасы, имамы, мекен-жайы, байланыс телефондары), Ақтөбе медресесі, сұрақ-жауап сынды бірқатар айдарлар бар. Осы айдарлардың ішінде ерекше атап өтер болсақ, Қазақстан қарилары айдары. Бұнда еліміздегі барлық қарилар туралы ақпарат беру көзделуде.
Сайтта теріс ағымның шығу тарихы, қоғамға келтірер зардабы, теріс ағымнан сақтанудың жолдары секілді жат ағымдар жөнінде ақпарат берелмек.
«Дін – насихат», - делінген хадисте. Бүгінгі ақпарат алаңында жастарды радикалды көзқарастан арашалауға, діни фанатизмнен сақтауға, дәстүрлі ата дініміздің құндылықтарын дәріпдеуді Ақтөбе өкілдігінің ұжымы өзінің асыл уәзипасы санайды.
Ендеше, көзі қарақты оқырман! «Nurgasyr.kz» сайтына қош келдіңіздер! Сайт ұжымы сіздер үшін барын салып қызмет етеді деген үміттеміз. Сайт ұжымына сәттілік тілейміз!
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.09.2016
5139
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру