ҚМДБ Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет елімізге танымал дін ғалымдарымен бірге жалпы жұртқа «Ашық есік күнін» жариялады.
ҚМДБ ғұламалар кеңесінің мүшелері Сансызбай Құрбанұлы мен Ерсін Әміре және Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек Есмағанбет сынды дін ғалымдарымен жолыққан мешіт жамағаты көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауаптар алып, емін-еркін сұхбат құрды.
Бас имам өз сөзінде «Аллаға шүкір, біздің елде дінге сенушілердің діни қажеттіліктерін орындау үшін барлық жағдайлар жасалды.
АрдақтыПпайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) мұсылмандықтың іргетасын бірлікпен бекіткен. Алла Елшісінің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) тайпалар мен руларды бір мақсатқа біріктіруі – кез келген басшыға басқару ісінде үлкен бағдар болары хақ. Бүгінгі басқосуымыз да осы мақсатты көздейді деп сенемін», - деді. Сонымен қатар бұл игі шара қаламыздың басқа да мешіттерінде жалғасын табатындығын айтты.
Алла Тағала күллі жер бетінде тыныштық орнап, тату ғұмыр кешуді нәсіп еткей. Тәуелсіздігіміз баянды болғай! Әмин!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.09.2016
4597
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру