
Қажылық - Исламның бес парызының бірі. Өмірінде бір рет өтелуі парыз болған құлшылықты өтеу үшін елімізден жыл сайын мыңдаған қандастарымыз қасиетті сапарға аттануда.
Қажылық міндетін орындау әрбір мұсылманның арманы. Алайда бұл парызды өтеу әркімге бұйыра бермейді. Алланың шақырған пенделері ғана барып қайтары анық. Осынау қасиетті мекенге, ұлық ғибадатын атқару үшін биылғы жылы Маңғыстау облысынан жүзге жуық жерлестеріміз ниет етті. Қасиетті сапар алдында Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков болашақ қажыларды облыстық мешітке шақырып, қажылық жайында, сапар жайында ескеруі тиіс жайттарды түсіндіріп, қабыл болатын қажылықты Жаратушы Иеміз нәсіп етсін деп тілек тіледі.
Облыстық мешіттің ақсақалы Исаев Лепес қажы қажыларға ақ батасын беріп, сапарларының сәтті болуын Алладан тілеп, шығарып салды.
Маңғыстау облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.09.2016
3083
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру